13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАраб елдерінің басшылары сенбі күні Бағдатта өткен Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) жыл сайынғы саммитінде бас қосып, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, олар Газа секторын қалпына келтіруге үлес қосуға уәде берді. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саммитке араб елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани мен Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси қатысты.
Қонақ ретінде саммитке Испания премьер-министрі Педро Санчес пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шақырылды.
Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат беруге шақырды. Айта кетейік, бұл аймақ наурыз айының басынан бері Израиль тарапынан толық қоршауда тұр.
Бұл геноцид тарихтағы барлық қақтығыстардан асып түсті, – деді ол.
Сондай-ақ Ирак аймақты қалпына келтіру үшін арнайы араб қоры құрылатынын, ал оның құрамына Ирак Газа секторына 20 миллион доллар, сондай-ақ Ливанға да шамамен осындай сома аударатынын мәлімдеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды