23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы бірлігі және Ұлы Жеңіс күніне арналған ағаш отырғызу шарасы өтті.
Атап өтейік, акцияны ұйымдастыруға мәслихат депутаты, меценат, аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген Иван Георгияди бастама жасаған.
Бұл күні қарағай, шырша, пирамидалы терек және алма ағаштарынан тұратын 100 көшет отырғызылды. Қатысушылар мұндай шараға қатысу әрбіріміздің қаланың дамуына қосқан үлестері екендіктерін атап өтті. Қазіргі мезгіл ағаштардың тынығатын кезеңі, бұл маусым көшет отырғызып, егілген ағаштардың орнын аустыруға өте қолайлы. Бүгін егілген көшеттердің барлығы Қарағанды қаласының табиғи-климаттық жағдайына бейімделген.
«Бүгінгі шараға әр түрлі этнос өкілдерінің жалындаған жасынан бастап егде тартқан үлкеніне дейін жұмыла қызмет етуде. Бәріміздің басымызды қосып, игі іске себепкер болған - Ассамблея. Бүгінгі отырғызылған жас көшеттер бірнеше жылда гүлденіп, үлкен аллеяға айналатынына сеніміміз мол. Жарқын болашақта бүгінгі қатысушылардың бірі немересін осы баққа әкеліп, өзі отырғызған мәуелі ағашты көрсетеін болар»,- деген ойымен бөлісті корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік