Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚарағандының 85 жылдығы қарсаңында келген мерейтойына орай журналист Валентина Елизарова Достық үйінде «Мен сені жақсы көремін Қазақстан: 27 сәт» атты фото көрмесін ұйымдастырып, өткізді.
Ассамблея өкілдері мен облыс тұрғындарының әр түрлі кезеңдегі ерекше суреттерін Валентина Елизарованың өзі түсірген. Кәсіби фотограф болмаса да, 30 жылдық журналистік тәжірибесінде жиған сәтті суреттерін ол қызметтік репортаж кездерінде таспалаған.
Автордың Томск қаласынан Қарағандыға қоныс аударып, қызмет жасап жүргеніне биыл 27 жыл толды. Сол себептен көрермен үшін журналист өмірінің таңдаулы 27 сәтін ұсынды.
Экспозицияда достық кездесулерден қуанышты сәттер, таңғаларлық табыстар, армандардың орындалуы мен мұңды эмоцияға толы суреттер орын алған.
Көрмедегі жан толқытар суреттің бірі: Шахандағы қайғылы жағдай кезіндегі отбасынан айрылған қыз бейнесі. Ол қайғылы оқиға болғанға дейін фортепианода ойнағанды жақсы көретін қарапайым, бақытты бала еді. Осыны ескерген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері қыз көңіліне сәлде болса да демеу болсын, ойы сергісін деген мақсатпен көпфункционалды, заманауи сентизатор – «ақ рояль» сатып әперген болатын.
Шара соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ атынан Валентина Елизарова алғыс хатпен марапатталды.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады