Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚарағанды облысының аумағында кең ауқымды “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері – есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуде барлық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік ведомстволар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл.
Мысалы, жедел алдын алу іс-шарасы аясында құрамында есірткі бар өсімдіктердің дақылдарын анықтау және есірткі қылмысының осы түріне қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сөйтіп, 8 шілдеде Қарағанды қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Қарағанды қаласының жеке аумақтағы көшелерінің бірінде 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Оның үйінің жеке учаскесін тексеру барысында 451 қарасора бұтасы тәркіленді. Сол күні Жезқазған қаласының ПБ полицейлерінің назарына 48 жастағы ер адам түсті. Оған тиесілі саяжайды тексеру кезінде жеті түп қарасора табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өздері үшін өсіргендерін түсіндірді. Жоғарыда көрсетілген фактілер ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова