Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағандыда «Висла» поляк киносының үшкүндік фестивалі өтті. Ауқымды шарада халықаралық фестивальдерде қазылар алқасының іріктеген және польша көрермендері ерекше қабылдаған 4 бірдей фильм ұсынылды.
Алғашқы күні көрермендер режиссер Ян Комастың «Город 44» фильмін тамашалады.
«Шараның біздің қаламызда алғашқы рет өтіп жатқаны – маңызды оқиға. Әйгілі фильмдерді үлкен экранда көретіндер саны көбейе түсті»,- деді Қарағанды поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский.
23 мен 26 қараша аралығында өткен фестивальдің бағдарламасында драма, анимация және тарихи кино сияқты фильм жанрлары іріктеліп алынды.
«Ван Гог. С любовью, Винсент» анимациялық фильмінің 65 000 кадры ұлы суретші жұмыс істеген техника бойынша майлы бояулармен салынған. Кадрларды әлемнің мықты деген 125 суретшісі салды. Бұған қоса фильмде импрессионистің 100-ден астам туындысына «жан бітірген».
Фестивальдегі режиссёр Мацей Пешицаның «Желание жить» фильмі де өзіндік ерекшелігімен оң бағаға ие болды.
Фестиваль Қазақстандағы Польша елшілігінің қолдауымен, Польша Кинематография Институтының және Қарағанды облысы «Полония» поляк қоғамының ұйымдастыруымен өтті.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек