Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағандыдағы Достық үйінде білім беру мекемелерінің мамандары, судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен облыстағы мектеп медиациясын дамытуға арналған жиын өтті.
Аталмыш кездесуде мектептегі медиация қызметінен бөлек, отбасылық соттар туралы да мәселелер қарастырылды.
«Мектепте татуластыру жұмысын ілгерілетуде психологтар, әлеуметтанушылар, мұғалімдер мен оқушылардың күштерін біріктіру қажет. Мектептермен орнатылған ынтымақтастық өңірде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді дамыту ісінде жақсы нәтиже беретіні сөзсіз»,-деді жиында сөз алған «Диалог» дауларды шешу орталығының басшысы Татьяна Савицкая.
Сонымен қатар Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы қамқоршылық және қорғаншылық органдары жөнінде тегін кеңестер беруде. Онымен қоса, медиация мәселесі бойынша жеке қабылдаулар немесе телефон байланысы арқылы да анықтама ақпараттарын беруде.
Бұған қоса білім беру ұйымдарында шиеленістерді болдырмау, қылмыстың алдын алу, жанжалдарға қатысушыларды әлеуметтік оңалту мақсатында Қарағанды облысының білім беру басқармасы мұғалімдерге арнайы курс өткізді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың білім беру мекемелерінде медиация қызметі жұмыс істей бастайды.
Шара соңында қатысушыларға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «E-medіator» веб-сайты таныстырылды. Мұнда медиация және медиаторлардың жұмысы туралы кең ақпарат жинақталған.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек