Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Керней ауылында ұлы ойшыл, хан Абылайдың кеңесшісі болған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350- жылдығына орай «Баба рухына тағзым» мерекелік шарасы өтті.
Игі іске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова қатысып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.
Сондай ақ, мерекелік іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, Кереку мен Маңғыстау облысының делегаттары, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары Касапиди Д.И., облыстың этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, облыс тұрғындары қатысты.
Іс-шара аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдасырылды. Оған Қарағанды облысының шығармашылық ұжымдары - Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері қатысты. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен, оның ішінде қазақша күрес, асық ату, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпардан жарыстар өткізілді.
Бұқар жырау – ХVIII ғасырдың ауызша ақындық шығармашылықтың ұлы өкілі. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бимен бірлесе әз Тәукенің «Жеті жарғысын» құрастыруға ат салысқан. Жырау қазақ, араб, парсы, қытай тілдерін өте жақсы білген, әділдікті жақтаған, поэтикалық түрде шындықты, табиғаттың сұлулығы мен күшін жырлаған.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова