2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және пайдалану фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тергеу барысында әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркелген WhatsApp мессенджер қосымшасын пайдалану арқылы 5 жоба атауының негізі қаланды.
Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестиция тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен.
Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады»,-делінген хабарламада.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс