12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТегі Орта жүз арғын тайпасының қуандықтан тарайтын сайдалы-барқы атасынан. Арғын тайпасының белгілі биі әрі қол бастаған атақты батыры. Орта жүздің билеушісі Сәмеке ханның бас уәзірі, Сәмеке қайтыс болғаннан кейін хан сайланғанша, Түркістан мен оның төңірегіне билік жүргізген мемлекет қайраткері. Тәуке ханның немересі Әбілмәмбетті қолдап, хан көтерген игі жақсылардың бірі. Алғыр шешен, байсалды ақылман, табанды қайраткер ретінде Ресей әкімшілігіне де айрықша пікір туғызғаны жөнінде жазба деректер баршылық. 1737 жылы қазақтың аға ханы етіп Әбілқайырды сайлағанда (1.141-158) Қаздауысты Қазыбек бастаған алты алаштың ірілерінің, ел сенген жақсылардың қатарынан көрінеді.
1740 жылдың тамыз айында Ресей әкімшілігі атынан генерал В. Урусовпен Орынборда болған қазақ-орыс келіссөздеріне Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтандармен бірге, ханның бас уәзірі дәрежесінде Нияз батыр да қатысып, еларалық мәселелерді шиеленістірмей шешуге белсене үлес қосқан.
Нияз батырдың тарихи тұлғасы ерекше көрінетін тұсы, Абылай сұлтан ұрыс үстінде 1741 жылдың ақпан айында, Шідерті бойындағы ұрыста жоңғар қолына қапыда түсіп қалғанда (1.215-217), Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейізді және өзінің бір ұлын 1
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер