7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Депутаттың айтуынша, биыл ҰБТ-ға 210 мыңнан астам түлек қатысқан. Алайда олардың тек 76 пайызы ғана шекті балды еңсере алған.
Орташа нәтиже –140 балдың 69-ы, ал түлектердің шамамен 24 пайызы ең төменгі шектен өте алмаған.
Сонымен қатар тестілеу барысында 711 заң бұзу фактісі тіркеліп, кейбір қатысушылардың нәтижелері жойылған.
Бұл көрсеткіштер мектептердегі білім сапасы мен түлектерді дайындау жүйесінде терең проблемалар бар екенін дәлелдейді, – деді депутат.
Магеррам Магеррамов мектептерде сапалы дайындық жеткіліксіз болғандықтан, ата-аналар жеке репетиторлар мен коммерциялық білім беру орталықтарына жүгінуге мәжбүр екенін атап өтті.
Оның сөзінше, бұл жағдай:
• отбасыларға қосымша қаржылық салмақ түсіреді;
• аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін теңсіздік тудырады;
• білімге тең қолжетімділік қағидатына қайшы келеді.
Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Үкіметке бірқатар нақты ұсыныс енгізді:
• мектеп бітіру емтихандары мен ҰБТ нәтижелерін салыстырып, айырмашылықтың себептерін анықтау;
• ҰБТ-ға дайындыққа арналған ресми мемлекеттік онлайн-портал іске қосу (сынақ тесттері, тапсырмалар талдауы, онлайн көмек);
• ҰБТ нәтижелері бойынша жыл сайынғы ашық аналитикалық есеп жариялау (өңірлер, мектеп түрлері, жиі жіберілетін қателер бойынша).
Мемлекет барлық мектеп түлегі үшін ҰБТ-ға дайындалуға тең әрі әділ жағдай жасауы тиіс, – деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ҰБТ нәтижесін ақшаға «шешіп беремін» деп уәде еткен мұғалімге сот үкімі шыққаны хабарланған болатын.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?