Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКейде күзді ерекше сезіну үшін алысқа сапар шегудің қажеті жоқ. Сүйікті сусыныңды дайындап, жылы көрпеге оранып кітап оқу, маусымдық тағам пісіру немесе саябақта серуендеу де күздің өзіндік ритуалына айналуы мүмкін.
Бірақ әлемнің кейбір елдерінде күздегі отбасылық дәстүр әлдеқайда терең мағынаға ие. Олардың бір бөлігі ғасырлар бойы сақталып, заманауи мәдениетпен астасып кеткен.
АҚШ: күзді асқабақ бәлішінсіз елестету қиын
Америкада күздің ең танымал дәмі – асқабақ қосқан тағамдар. Әсіресе, қараша айындағы Алғыс айту күніне арналған дастарқанды күркетауық, мүкжидек соусы және асқабақ бәлішінсіз елестету қиын. Бұл мерекедегі асқабақ дәмі XIX ғасырдан бері қалыптасып, түрлі басылым жыл сайын рецебін басып, таратады. Сол кезеңдегі журналдар да мерекеге арналған мәзірлер мен бәліш пісіру тәсілдерін жариялап отырған.
Бүгінде бұл әдет жаңа сипатқа ие болды. Аспаздық басылымдар мен сайттар мерекеге қарай дәстүрлі рецепттерді қайта ұсынады. Оқырмандар болса бұрыннан ұнататын тағамдарын әзірлейді. Мәселен, The New York Times Cooking жыл сайынғы Алғыс айту күні дастарқан мәзіріне арналған материалында оқырмандар қайта-қайта таңдайтын рецепттерді жинақтап жариялайды.
Жапония: күзгі жапырақтарды «аулау»
Жапонияда күздің келгенін сезінудің ерекше тәсілі бар. Ол – момидзигари (momijigari) деп аталатын дәстүр. Жапон тіліндегі бұл сөзді «күзгі жапырақтарды аулау» деп аударуға болады. Алайда оның аң аулауға қатысы жоқ. Мұнда адамдардың қызыл, сары және қызғылт сары түске боялған жапырақтарды тамашалау үшін табиғат аясына шығады.
Бұл дәстүрдің тарихы Хэйан кезеңіне, шамамен VIII-XII ғасырды меңзейді. Алғашында ақсүйектер арасында күзгі бақты тамашалау кең тараған. Кейін бұл әдет қарапайым халыққа да жеткен.
Бүгінде жапондар күзде тауға, саябақтарға, ғибадатханалар мен тарихи орындарға барып, табиғаттың өзгерісін тамашалайды. Тіпті күзгі жапырақтардың түсін өзгерту мерзімін көрсететін арнайы болжамдар да жарияланады.
Жапонияда күздің дәмін сездіретін тағамдар да бар. Мысалы, момидзи мандзю – үйеңкі жапырағы пішінінде жасалатын тәтті тоқаш. Оны жапырақтар қызыл-сары түске боялған кезде жеп, маусымның әсемдігін сезіну ерекше әсер сыйлайды.
Оңтүстік Корея: күз – отбасымен қауышатын уақыт
Оңтүстік Кореяда күздің маңызды мерекелерінің бірі – Чхусок. Оны кейде корейлердің Алғыс айту мерекесі деп те атайды. Ай күнтізбесі бойынша сегізінші айдың он бесінші күні атап өтілетін бұл мереке егін жинау маусымымен байланысты. Дәстүр бойынша, корейлер туған жеріне барып, туыстарымен бас қосады, ата-бабасының рухына тағзым етіп, молшылық үшін алғыс білдіреді.
Мерекеге орай арнайы тағамдар әзірленеді. Солардың ішіндегі ең танымалы – сонпхён. Бұл – жарты ай пішінінде жасалатын күріш бәліштері. Оларды дәстүрлі рәсімдер кезінде жаңа жиналған өнімдермен бірге ұсынады.
Чхусоктың мәні тек мерекелік дастарқанмен шектелмейді. Бұл – отбасы мүшелерінің қайта қауышып, үлкендерді құрметтеп, ортақ тарихын еске алатын кезеңі. Қазіргі өмір салты өзгергенімен, көптеген корей отбасы үшін күздегі осы басқосу әлі де маңызды.
Мексика: күзде өмірден өткендерді еске алады
Мексикада қазанның соңы мен қарашаның басында ерекше мереке – Día de Muertos, яғни Қайтыс болғандарды еске алу күні өтеді. Бұл дәстүрді Halloween мерекесімен шатастырмаған жөн. Екеуі күнтізбеде бір-біріне жақын болғанымен, мазмұны мен мағынасы бөлек.
Мексикалық дәстүрде өмірден өткен жақындарды еске алу мұңға ғана емес, олардың өмірін, отбасымен байланысын және ортақ естеліктерін құрметтеуге негізделген. Үйде арнайы үстел жасалып, марқұмдардың суреті, шамдар, гүлдер және сүйікті тағамдары қойылады.
Мерекенің танымал нышандарының бірі – қызғылт сары түсті барқытгүлдер. Көптеген қалада көше безендіріліп, шерулер, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Дәстүрдің көрінісі Мексиканың әр өңірінде әртүрлі болуы мүмкін.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады