23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық танымал әнші Ақжол Мейірбековтің әйелі Шәрипа Мейірбекова «Астарлы ақиқат» бағдарламасына берген сұхбатында 50 жыл отасқан күйеуінің неден қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм Ақжол Мейірбековтің әйелінің айтуынша, «Дос-Мұқасан» тобының солисі қатерлік ісікпен ұзақ уақыт күрескен.
Оған үш жыл бұрын отандық дәрігерлер тері ауруының қатерлі ісігі деген диагноз қойды. Аяғындағы қатерлі ісік соңында өліміне себеп болды. Бірақ Ақжол мойымады. Отандық медицина қызметкерлеріне сеніп, шетелге де бармады. Өмірінің соңына дейін ән айтып жүрді ғой. Ештеңеден қорықпайтын. Дәрігерлердің айтқанын екі етпей істеді. Ауруханаға жатып, ісікті емдеді. Кейін алдырып тастады. Үш жыл үзбей химия терапия алды, - деп еске алды ол.
Ауруы асқынған соң дәрігерлер өнер иесін үйіне шығарып, екі күннен кейін қайтыс болыпты.
Соңғы кезде қатты шаршап, әлсіреп қалғанда тағы ауруханаға жатты. Сол кезде-ақ дәрігерлер үйге шығарды. «Мұсылманша жөнелткен дұрыс. Мына жақта сойып тастайды» деді. Үйге екі күн ғана қонып, аттанып кетті. Бәрі тез болды. Өзіміз де не болғанын ұқпай қалдық. Бір күні «Маған ризасың ба?» деп сұрадым, «Саған қалай риза болмайын?» деді. Сол сөзінен кейін ертеңіне жүріп кетті, - деді Шәрипа Мейірбекова.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік