12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырау облысында орналасқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртеніп жатыр. Өрт туралы хабарлама тіркелген бойда төтенше жағдайлар қызметі жедел әрекет етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 280 гектарды құрады, оның 250 гектары сөндірілді. Қазіргі уақытта шамамен 30 гектар жер өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында сөндіру жұмыстарымен қатар, жер жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Оқиға орнында Атырау облысы ТЖД, «Ақжайық» МТР жеке құрамы және ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған. Жалпы есеппен 110 қызметкер, 26 техника және бір тікұшақ өртті сөндіру жұмыстарына қатысуда.
«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы арқылы 10 мәрте су төгу операциясы жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, сулы-батпақты жер бедері мен қамыстардың биік әрі қалың болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Оқиға орнында ТЖД басшылығы жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру штабы құрылып, жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тікелей бақылауында.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер