12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырау облысында “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы табиғи өртті сөндіруге арнайы техника — амфибия-экскаватор жұмылдырылды. Бұл шешім жедел штабтың тапсырмасы негізінде қабылданған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Экскаватор Жайық өзенінде жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстарынан босатылып, жетуге қиын батпақты аумақтарда минералдық қорғаныс жолақтарын салу үшін қолданылмақ. Бұл әдіс тұтану ошақтарын оқшаулауды және жоюды жылдамдатуға, сондай-ақ өрттің одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратынша, өрт сөндіру жұмыстарын жер бедерінің батпақты және шымтезекті болуы күрделендіріп отыр. Мұндай жағдайда сөндірілген оттың қайта тұтану қаупі жоғары. Амфибия техникасын қолдану сынды инженерлік шешім — тиімді әрі қажетті шара.
Өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойына үздіксіз жүріп жатыр.
Біз бұған дейін Атырау облысында батыстан соққан желдің екпіні күшейіп, ол «Ақжайық» резерватындағы өрт аумағының ұлғаюына және оны сөндіруге кедергі келтіріп жатқанын жазған болатынбыз.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер