Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліТанымал ақын Қалқаман Сарин лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін! – деп жазды Дүйсенғазин.
Қалқаман Сарин – елімізге белгілі ақын. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Талай телеарнада түрлі бағдарламалардың жүргізушісі болған. Ал кейінгі жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры (2018-2019 ж.ж.) қызметін атқарса, сонан соң Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы болды (2019-2023 ж.ж.).
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс