Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға ұшырады. Көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қалың жұрт оны өр рухты ақын, ұлт мүддесін қорғаған қайсар азамат ретінде таныды. Алайда Мұхтар Шахановтың ел біле бермейтін, көп айтыла бермейтін қырлары да аз емес. Ол – ән мәтіндерінің авторы, сазгер, түркі халықтарын жақындастырған тұлға, достыққа адал азамат және адамгершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған дара ақын болды.
Көпшілік Мұхтар Шахановты жалынды ақын ретінде таниды. Алайда оның көпшілік біле бермейтін тағы бір ерекше қыры – ән мәтіндерінің авторы ғана емес, композиторлық өнерге де жақын болғаны.
Қазақ музыка өнерінің жарық жұлдызы Шәмші Қалдаяқовпен шығармашылық байланысы – өнер тарихындағы ерекше құбылыс. Екеуі бірігіп 16 ән жазған. Бұл әндердің басым бөлігі халық арасында кең тарап, қазақ өнерінің алтын қорына енді.
Танымал әндері:
Бұл әндер махаббатты, сағынышты, адамдық құндылықтарды, туған жерге деген сезімді жырлайды.
Ақынның өзі бір естелігінде:
Мен нота білмеймін. Бірақ менің 60-қа жуық әнім бар екен. Жұбайлар жырын білмейтін қазақ жоқ шығар, – деп қарапайым ғана айтқан еді.
Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шаханов арасындағы достық ерекше болатын. Бұл – тек шығармашылық одақ емес, шынайы өмірлік бауырластық еді.
Ақынның айтуынша, Шәмші олардың үйінде 11 жыл тұрған. Мұхтардың анасы оларды туған балаларындай көрген.
Ол кісі:
Үш балам бар. Үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кенжем – Мұхтар Шаханов, – деп айтқан екен.
Бұл сөздің өзінен сол заман өнер адамдарының өзара сыйластығы мен рухани жақындығы байқалады.
Мұхтар Шаханов тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі әлемінің ортақ перзентіне айналды. Оның Шыңғыс Айтматовпен достығы – әдебиет тарихындағы жарқын құбылыс. Екі алып қаламгердің рухани үндестігі нәтижесінде «Құз басындағы аңшының зары» («Исповедь на вершине») атты әйгілі еңбек дүниеге келді.
Шаханов қырғыз халқының мәдениетін, тарихын, әдебиетін жоғары бағалап, екі ел арасындағы рухани байланысқа көп еңбек сіңірді. Осы еңбегі үшін Қырғыз Республикасының халық ақыны атағы берілді.
Мұхтар Шаханов шығармалары өткірлігімен, тереңдігімен ерекшеленді. Оның көптеген өлең жолдары халық аузында нақыл сөздей жатталып қалды.
Бұл шумақ – ақынның бүкіл өмірлік ұстанымын танытады.
Махаббатты адам ғұмырының мәні санаған ақын сезім тазалығын ерекше бағалады.
Бұл жолдар азаматтық ұстаным мен тұлғалық еркіндіктің қаншалық маңызды екенін көрсетеді.
Ақын естеліктерінде ерекше аталатын тұлғаның бірі – нағашысы Ысқақ ата. Ол кісі Мұхтардың мінезі мен көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер еткен. Жолда жатқан тасты көрсе, біреу сүрініп кетпесін деп жол шетіне шығарып тастайтын. Өзен тасып, көпірді алып кетсе, өз ағаштарын кесіп, көпір салатын. Ауылда біреу қиналса, ең алдымен сол көмекке келетін.
Оның өмірлік қағидасы:
Күн сайын ең кем дегенде бір адамға жақсылық жасау, – дейді.
Жас Мұхтар осы тәрбиені көріп өсіп, кейін достарымен бірге осы ұстанымды жалғастырған. Нағашысының соңғы аманаты да терең мәнге ие болды. Ол Мұхтарға өмір бойы арақтан аулақ болуды өтініп, ақын сол сертінен айнымаған.
Мұхтар Шаханов қай кезде де қоғам мәселесіне бейжай қараған жоқ. Ол елдік мүдде, тіл тағдыры, ұлттық құндылықтар туралы батыл пікір айтты. Ақын халықтың сөзін сөйледі, жоғын жоқтады. Қажет кезде мінберден де, өлеңмен де үн қатты. Сол үшін ел оны тек ақын ретінде емес, күрескер азамат ретінде құрметтеді.