Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКөлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және тағы басқа.
8-ші күні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК құрайды (2023 жылы 1 АЕК көлемі 3 450 теңгеге тең).
Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет.
Сонымен бірге берешектері бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарыздарын өтеуге шақырамыз.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар