Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы ақылы жолдардан түскен қаржының қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің сөзінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылы жол учаскелерінде 48 млрд теңге жиналды. Биыл шамамен 100 млрд теңге болады деп күтілуде.
Шығыс бөлігіне келсек, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға шамамен 60 млрд теңге жұмсалады, яғни тазалау, ағымдағы жөндеу, белгілерді ауыстыру және т.б. жұмыстарға. Шамамен 30% капиталдандыруға, яғни техника сатып алуға кетеді. Өткен жылы 470 жуық техника сатып алынды. Биыл тағы 700 жуық техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл шығындар ақылы жолдар есебінен жабылады, - деп түсіндірді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ «Қазавтожол» басқарма төрағасы ақылы жолдардың қосымша учаскелерін пайдалануға беруге байланысты шығыс бөлігі де ұлғаятынын атап өтті. Бұдан басқа, шығыны көп учаскелер де бар, мәселен, Астана-Щучинск автожолы.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары