Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайМәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен еліміздегі ең танымал зияткерлік турнирлердің бірі «Aqyl Battle CUP» КТК басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир мемлекеттік тілде, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында, 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандық жастар арасында өтеді.
Жобаның мақсаты – қазақ тілін дамыту және қолдану аясын кеңейту, жастарды білімге баулу, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін арттыруға ықпал ету.
Зияткерлік турнир бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең офлайн форматта Астанада (16 мамыр), Шымкентте (21 мамыр) және Алматыда (23 мамыр) өтеді. Елдің басқа өңірлерінде сайыс 30-31 мамыр күндері «Aqyl Battle» мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылады.
Гранд-финалға еліміздің барлық өңірінен үздік шыққан 20 команда жолдама алады. Биыл оларға түркі елдерінің құрама командалары да бәсекелес болады.
Жалпы жүлде қоры – 3 600 000 теңге.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат