6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер38 жастағы қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желі арқылы тез баюдың жолдарын үйреткісі келетін коучтарды сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актриса әлеуметтік желіде түрлі курстар сатып, адамды алдағысы келетіндер мен солардың сөзіне иланатын адамдарға тоқтау болу керектігін алға тартты.
Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі? Instagram ашсаң, бәрі ақыл айтып жатыр… Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң, байып кетеді екенсің-мыс… - дейді әнші.
Өнер адамы тынымсыз еңбектенген адам ғана табысты болатынын алға тартты.
Адам екі қол, екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады. Диваннан тұрып, жұмыс істе, кәсіп қыл. Қалғанының бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме! Шаршамадыңдар ма? Кішкене кідірсеңдерші, – деп жазды әнші.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі