29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбеде тұрғындар коммуналдық төлемнің шектен тыс шарықтап кеткеніне наразы. Есет батыр ықшам ауданының жұртына жылу үшін бір айға 90 мың теңгеге дейін түбіртек келген. Бұл соманы көріп төбе шашы тік тұрған көпшілік қымбатшылықтың себебін түсіне алмай дал. Онсызда айлығымыз шайлығымызға жетпейді деген қараша тариф құнын төмендетуді сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Есет батыр ықшамауданының тұрғындары түбіртектерін алып, әкімдікке алып-ұшып жеткен. Барлығын мазалайтын жалғыз сұрақ.
Есігімнің кілтін берген кезде менің есігімнің алдында 29 мың теңгенің түбіртегі тұрды. Төленген суммамды азайтқан сайын, менің қарызым көбей береді, - дейді тұрғын.
Бұл бес қабатты үйлер тасқыннан зардап шеккен жандарға және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғындарға 2023 жылы берілген. Сол уақыттан бері халық жылу тарифін төлеп келеді. Бірақ ай сайын баға мың құбылады деп отыр.
Қазіргі таңда біздің жылу, салқын су, ыстық суымыздың төлеміне үш бөлмеліге 93 мың теңге шығып тұр. Ай сайын. Біз түсінбей жатырмыз. Квадратурамен төлегенде ондай ақша шықпайды ғой. Өзіміздің үйдегі жеке басымыздың счетчигімізде тұр. Ол сәйкес келмейді ақшаның төлемімен. Бірнеше рет акиматқа да арыз жаздық нәтиже жоқ, - Шынар Ақбалиева.
Ал жылуға жауапты мекеменің өкілі тұрғындар үйге қойылатын жылу есептегіш құрылғыға құжат дайындамағанын айтады. Соның кесірінен ортақ қолданыстағы жылудың ақысы қосылып кетуі мүмкін. Оның үстіне қаңтардан бастап жылудың ақысы шаршы метріне 191 теңгеден 235 теңгеге өскенін де ескерген жөн дейді.
Счетчик қабылданбаған. Сол счетчикті қабылдау үшін сертификаты немесе паспорты болуы керек. Содан кейін арыз жазады бізге. Біз содан кейін қабылдаймыз. Сосын общедомовой счетчик деген бар. Жеке счетчигімен төлейді, - дейді «AQTOBE SU-ENERGY GROUP» мекемесінің өкілі Асылан Жолдасов.
Ал шенеуніктер есептегіш құрылғыны үйді салған мердігер мекеме өз қаражатына орнату керектігін айтты. Сондықтан көпті тұқыртқан түйіткілді шешіп бермек.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек