6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысында алғаш рет арпаның жаңа сұрпы өсіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның атауы – «Вакула». Ақтөбе облысына көршілес жатқан Ресейдің Орынбор облысынан әкелінген. Жаңа сұрыпты Қарғалы ауданының құнарлы жеріне «Успех» шаруа қожалығы жерсіндірген. 300 га жерге егілген арпадан диқандар биыл тұқым алып, мал азығы ретінде сатуды көздеп отыр.
Шаруа қожалығының басшысы Сергей Семенцулдің сөзінше, диқандар тары өсіруге ден қойған. 1500 га алқапта өсіп жатқан тарының бұл сұрпы – «Веселая 6» деп аталады.
Арпа мен тары егілген алқапты облыс әкімі Ералы Тоғжанов барып көрді. Шаруаларға биылғы жылды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық тары жылы деп жариялағанын еске салды.
Сондай-ақ, өңір басшысы Қарғалы ауданындағы картоп өсіретін «Әлем» шаруа қожалығының, майлы және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын «Дилэнд» және «Велиховка» ЖШС-нің тыныс-тіршілігімен танысып, егістік алқаптарында болды.
Жалпы, Қарғалы ауданындағы егіс алқабы ағымдағы жылы 155,6 мың гектарды құрады, оның ішінде 117 мың гектар астық егілді. Бүгінгі таңда 41 гектар астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 11 центнерді құрайды. Егін жинау науқаны штаттық режімде жалғасуда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі