Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбеде табиғатты қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында кезекті маңызды шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы мен Ақтөбе орман шаруашылығының бірлесіп, Ақтөбе су қоймасында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық акциясын өткізді.
Аталған шараға «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының эко-гвардия отрядының 30 белсенді сарбазы қатысты. Қатысушылар өз бастамаларымен табиғатқа жанашырлық танытып, Ақтөбе су қоймасының маңайын тұрмыстық қалдықтар мен пластик, қағаз және өзге де қоқыстардан тазартты. Экологиялық акция барысында ондаған қап қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар табиғи аумақтарды сақтауға ғана емес, жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға да сеп болады.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Оның аясында орман алқаптары, өзен-көл жағалаулары мен елді мекендер маңы тазартылып, экобілім беру жұмыстары жүргізілуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді