Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысының жас мамандары алғашқы жұмыс тәжірибесін сәтті бастап жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жастар практикасы – бұл оқу орындарының түлектеріне өз мамандығы бойынша бастапқы еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Бағдарламаға оқуын аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жасқа толмаған, жұмыссыз ретінде тіркелген жастар қатыса алады. Бүгінде аталған бағдарлама аясында көптеген жас мамандар алғашқы еңбек жолын сәтті бастау мүмкіндігіне ие болуда.
Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы Қ.Жұбанов атындағы университетін « Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде қызыл дипломмен аяқтаған жас маман Алпамыс Муханов еңбек жолын « "Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" акционерлік қоғамында бастады. Оның қызметтік міндетіне жобалау, өндірісте қолданылатын металл көлемін есептеу және өндірістік циклді қадағалау кіреді. Қазіргі таңда Алпамыс өз мамандығы бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, өндірістегі аппараттармен жұмыс істеуді меңгеруде.
Ал келесі қатысушы – Жакешова Қарашаш. Ол 2025 жылы жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, қазіргі таңда №3 қалалық емханада тәжірибеден өтуде. Қарашаш мейірбике болуды бала кезден армандағанын және таңдаған мамандығына сенімді екенін айтты.Ол өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, азаматтарды қабылдау, Damumed порталы арқылы тіркеу және тиісті дәрігерлерге жолдама беру секілді жұмыстарды атқаруда. Бір күнде 2000-ға жуық азаматқа қызмет көрсететін емханада жас маман Қарашаш жоғары белсенділік танытуда.
Жастар практикасының ұзақтығы – 12 айдан аспайды. Қатысушыларға төленетін ай сайынғы жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. Жолдама алу үшін жас маман тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіну қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?