30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтөбе облысының Қарғалы ауданы, Бадамша ауылындағы мектеп-бөбекжай-бақшада білім алып жүрген жас физик Нечаев Артур мобильді және портативті құрылғыларды кез-келген жерде қуаттауға арналған термоэлектрлік генератор ойлап тапты. Бұл құрылғы Пельтье элементінің негізінде құрастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас өнертапқыштың айтуынша, қазіргі таңда қыс мезгілінде мобильді құрылғылардың батареяларының тез таусылуы үлкен мәселе болып отыр. Әсіресе, қолайсыз ауа райында құрылғыларды зарядтау қиынға соғады. Осы мәселені шешу мақсатында Артур бірнеше сынақтар жүргізіп, Пельтье элементінің негізінде қуат көзі таусылған құрылғыларды жедел түрде зарядтайтын генератор жасап шығарды. Оның құрылғысы кез-келген аймақта, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қолдануға ыңғайлы.
Нечаев Артур 6 жылдан бері «Зерде» ғылыми жобалар байқауына қатысып, өз білімін жетілдіріп келеді. Ол облыстық байқауда үш рет Гран-при иегері атанып, республикалық деңгейде екі рет бірінші орын алған. Жас өнертапқыш болашақта физика саласының маманы болуды мақсат етіп, ғылыми ізденістерін жалғастыруда.
Артурдың термоэлектрлік генераторы — экологиялық таза, энергияны үнемді қолдануға бағытталған және алыс аймақтарда да құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік беретін инновациялық жоба.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды