Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыHeriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, студент жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады.
Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді.
Бұл жобаның ерекшелігі – жасанды интеллекттің шығармашылық салада қолданылуы, сондай-ақ тарихи тұлғаның ерлігін жаңа формада танытудағы жаңашылдық, - делінген мәліметте.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар