Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСу тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күшімен Ақтөбе облысының аумағында бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының Темір ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Темір ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аспан Нұржан өз арқасында су басқан аймақтан 2 бала мен 1 әйелді шығарып, қауіпсіз жерге көшірді. Тұрғындар оқшауланып, барлық жағынан сумен қоршалып қалған.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқыны кезінде медицина қызметкерлері қиыншылыққа тап болып, су тасқынының салдарынан үй-жайдан шыға алмай қалған. № 23 ӨСБ құтқарушылары Айбат Асабаев, Құмар Мәжен, Жүсіпек Әбілсейітов жедел шақыртуға шыға алмай қалған көмекке мұқтаж медицина қызметкерлерін ұзақ күттірмей, оларды қауіпсіз аймаққа алып шықты.
Қазіргі уақытта өңірде су тасқынына қарсы су айдау, инертті материалдар мен қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Фото: ТЖМ
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды