23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбелік полиция қызметкері Астанада қазақ күресінен ересектер арасында өткен "Дала қырандары" республикалық турнирінде топ жарды. 24 жастағы полиция лейтенанты Нұрлыхан Мұханбетов 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшысы 12 жасынан бастап спортпен шұғылданып келеді. Ол қазақ күресі, самбо және дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының және республикалық турнирлердің жүлдегері атанған.
Сайыс жоғары деңгейде өтті. Спортшылар тамаша дайындалған. Қазақ күресі әлемдік деңгейге көтеріліп келеді. Болашақта әлем чемпионатында, соның ішінде Үндістанда өтетін әлем чемпионатында және Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғағым келеді, — деді Нұрлыхан Мұханбетов.
Айта кетсек, спорттық додаға 64 үздік балуан қатысты. Чемпион атағын алғандарға 5 млн теңге сыйақы берілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады