29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарының кезекті шығарылымында Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №3 орта мектебінің 9-сынып оқушылары Арсен Сисенбай мен Айдарбек Мирас жасаған «Робот-лаборант» жобасы жоғары бағаға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас өнертапқыштар құрылғыны C++ бағдарламалау тілін және Arduino микроконтроллерін қолдана отыры жасаған. Роботты смартфон арқылы басқару үшін RemoteXY платформасын пайдаланған, ал схемалар Tinkercad көмегімен жасалды.
«Робот-лаборант» оқу процесіне көмектесіп жүр: робототехника сабақтары үшін қандай бөлшектер қажет екенін айтады, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін ескертеді. Бұл құрылғы физика мен информатика сабақтарында зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуді жеңілдетіп, оқу үдерісін көрнекі әрі тиімді етеді.
Сыныптастарымыз робототехника мен бағдарламалауға көп қызығушылық таныта бастады. Бұл робот мұғалімдерге зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруды жеңілдетеді және оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттырады, инженерлік мамандықтарға деген қызығушылықты күшейтеді, - дейді жоба авторлары.
Жас өнертапқыштар жобаны әрі қарай жетілдіріп, болашақта оқу үдерісін автоматтандыруға үлес қоссақ дейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек