13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАқтөбе қаласындағы №56 орта мектептің ұстаздары, оқушылары мен ата-аналары Қараторғай күнін атап өтті. Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше күннің құрметіне қаланың 12-шағын ауданындағы Жағалау саябағында қараторғайларға арнап ондаған ұя орнатылды. Олар ата-аналар мен оқушылардың күшімен түрлі материалдардан жасалды. Оны ағаштарға ата-аналардың өздері орнатты.
Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, бұл бастаманың иесі — қаладағы белгілі ландшафт дизайнері Алеся Москалева. Ал бастаманы іске асыруға оқу ордасының жанынан құрылған «Аналар мектебі» құлшына кіріскен.
Мектебімізде осыдан үш жыл бұрын «Аналар мектебі» құрылған болатын. Ата-аналардың мұндағы мақсаты — тәрбие ісін ұстаздармен бірлесе жүргізуге барынша ден қою. Осы орайда үнемі түрлі бастамаларға, пайдалы істерге ұйытқы болып жүретін ата-ана көп. Бүгінгі бастаманы біз, мектеп ұжымы, өз тарапымыздан қолдадық. Барлығы 70 ұя жасалды. Бір бөлігі — мектеп ауласына, одан соң Тәуелсіздік даңғылы бойындағы ағаштарға орнатылды. Бүгін тағы бір тобын осы саябаққа әкелдік,- деді мектеп директоры Гүлнара Нарымбетова.
3-сыныпта оқитын Әлрами Тоқтамысовтың акцияға арнап әкелген ұясы әдемі шыққан. Баланың әжесі Ақмоншақ Ембергенованың айтуынша, оны жасауға бүкіл отбасы атсалысқан.
Алты немерем бар. Өзім әскери саладан зейнетке шықтым. Мүмкіндігінше өмірлік тәжірибемді, күш-қуатымды ең алдымен немерелерімнің тәрбиесіне арнағым келеді. Қазір балалар смартфонға құмар. Сондықтан осындай шараларды жиі ұйымдастырып, балаларды табиғатпен достыққа бейімдеуіміз керек. Мұндай бастамаларды алда да қолдауға дайынбыз,-деді Ақмоншақ Ембергенова.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды