Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікАқтөбелік Артур Ким физикадан IPhO-2024 халықаралық олимпиадасының күміс медаль иегері атанды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Иранның Исфахан қаласында физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада ел намысын қорғап, Қазақстан құрама командасына күміс медаль сыйлаған Артур Ким Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) әлемдік 7 олимпиадалардың (IMO, IBO, IOI, IChO, IGeO, IOL) қатарына кіреді. Олимпиадаға 50 елден оқушылар қатысқан болатын. Бұл олимпиадада Қазақстан құрама командасы 4 күміс және 1 қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.
Сонымен қатар, Артур Малайзияның Кампар қаласында физикадан ХХIV Халықаралық Азия олимпиадасында (APhO) әлемнің 28-ден астам елінен қатысқан дүбірлі додада қола медаль жеңіп алса, Ресей Федерациясының Югра қаласында физикадан «ISPhO-2024» халықаралық ғылыми олимпиадасында Қазақстан құрама командасы ТМД, Азия және Латын Америкасы елдерінің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді