Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер16 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілдерінің курсанттармен және бастапқы даярлық тыңдаушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ІІМ арасындағы бірлескен жоспарды жүзеге асыру аясында өтті.
Оған 140-қа жуық курсант пен тыңдаушы, сондай-ақ институт басшылығының және Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері қатысты.
Қатысушыларға Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы, полковник Башев Талғат және институт бастығы, полиция полковнигі Есболаев Ғалымжан кіріспе сөз сөйледі.
Іс-шара барысында 2022-2024 жылдары өңірдің ішкі істер органдарында жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды талдауға ерекше назар аударылды. Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметтері бойынша, аталған кезеңде 30 сыбайлас жемқорлық қылмыс тергелген, оның 24-і парақорлықпен байланысты. Сотталғандардың арасында патрульдік полиция қызметкерлері, Көші-қон қызметінің, ҚАЖ мекемесінің өкілдері, сондай-ақ аудандық полиция бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары бар.
Жас курсанттармен осындай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға және құқық қорғау органдарының әрбір қызметкерінің дербес жауапкершілігін еске салуға арналған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі