23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысының кәсіпкерлеріне су тасқынынан келтірілген залал өтеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде су тасқыны кезінде зардап шеккен бизнеске материалдық залалды өтеу жалғасуда. Өткен аптада облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың төрағалығымен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Өңірлік комиссия 6 бизнес субъектісіне қатысты материалдарды қарады. Олар Ақтөбе қаласы мен Темір ауданында орналасқан. Комиссия 6 объектіні қанағаттандыру және 63,5 млн теңге көлемінде залал төлеу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда өңірлік комиссия жұмысының барлық уақытында 22 кәсіпкер өтініш білдіріп, 17-сі 230,7 млн теңге сомасына залалды өтеуге мақұлдау алды.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан 69 субъект шығынға ұшырады. Естеріңізге сала кетейік, өтемақы алуға өтініштер 2024 жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде қабылданады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады