Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе тұрғыны алаяқтарға жеті миллион теңге аударған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбелік әйелдің телефонына белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған. Алаяқтар жәбірленушіге оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын және оларды тоқтатып, қолға түсіру үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажет екенін айтқан.
Ол қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, бір күн ішінде қаладағы 3 банкке барып, өз атына жалпы сомасы 7 млн теңгеге несие рәсімдеген. Дәрігер әйел бұл ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға терминал арқылы 14 рет аударған.
Үш күннен кейін алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген әйел полицияға арызданды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады