Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТөтенше жағдайлар министрлігінің Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің иелігіне мемлекеттік нөмірлері XV сериялы КамАЗ шассиіндегі заманауи автомобильдер берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысында техника кілттерін ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков салтанатты түрде табыс етті.
Автопарк Қазақстан Президенті қолдауының арқасында жаңартылуда. ТЖМ басшылығы өзінің құтқару әскери бөлімшелерін сенімді және жоғары технологиялық техникамен қамтамасыз ете отырып, материалдық-техникалық базаны жаңғыртудың ведомстволық бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыруда.
Бұл автокөліктер жай көлік емес, төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындауға көмектесетін негізгі құрал. Біз кез келген төтенше жағдайларға дайын болуға міндеттіміз және бұл біздің жұмысымыздың жеделдігі мен тиімділігін арттырудың кезекті қадамы, - деп жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде Серік Жүнісбеков атап өтті.
Жаңа техника қазірдің өзінде су тасқынына қарсы іс-шараларда пайдаланылуда. Жеке құрам мен жабдықтарды тасымалдау жүзеге асырылуда, сондай-ақ су басу аймақтарындағы халыққа көмек көрсетіледі.
Жаңартылған құтқару әскери құралымдарының автопаркі ТЖМ әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығын едәуір арттырып, оларды су тасқынына ғана емес, өрттерге, аварияларға және басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады