Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе қаласының прокуратурасы былтыр мамыр айында болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың мал базары маңында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Оқиға салдарынан бір жасөспірім көз жұмып, бұл іске байланысты 10 адам тергеуге алынды.
Дереккөздерге сүйенсек, жанжал барысында қатысушылар атыс қаруын қолданған және пышақпен қаруланған. Тергеу материалдарына сәйкес, қаза болған бала алдымен көлікпен қағылып, кейін бірнеше жерінен пышақталған. Осы дерекке қатысты облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Құқық қорғау органдары күдікті 10 адамды қолға түсіріп, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс 26 ақпан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады