23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бүгін 10-11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» ауқымды көшпелі білім беру көрмесінің екінші күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрмеге 3 мыңға жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Көрме барысында олар жетекші қазақстандық университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, оқуға түсу шарттары, білім бағдарламалары, 2025 жылғы ҰБТ ерекшеліктері және гранттар туралы толық ақпарат алды.
Сонымен қатар оқушылар Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан және MDSG жобасының батыс аймағындағы жоба жетекшісі Еркін Есеркеповпен кездесіп, іс-шараның маңыздылығы мен мамандық таңдау бойынша құнды кеңестер алды.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс өңірінде Ақтөбеден бастау алған «Study in Kazakhstan» көрмесі 7-8 сәуірде Атырау қаласында (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттер даңғылы 1), 10-11 сәуірде Ақтау қаласында (Оқушылар сарайы, 17 ш/а, 17/1 ғимарат) және 11 сәуірде Жаңаөзен қаласында (Мұнайшы мәдениет үйі, Жалын ш/а, 1В ғимараты) жалғасын табады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік