Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысының полицейлері облыстағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестенің сатылуына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы тергеу жүріп жатқанын алға тартып, бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.
Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайлар мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылы бала сатудың алты оқиғасы тіркелгені белгілі болған еді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, балалар негізінен елдің ішінде сатылған.
Кейбір физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бала сүйе алмайтын адамдар бар. Олардың тарапынан сұраныс туады. Бұл сұранысты өтейтін адамдар бар. (...) Мұндай жағдайларға перинатал орталықтардың, балалар үйінің қызметкерлері және жүктілікті қаламаған азаматтардың қатысы бар, - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары бұған дейінгі Сенат отырыстарының бірінде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді