30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтөбе облысы Ойыл ауданында тұрғын үй кезегінде тұрғандарға баспана кілттері табысталды. Әлеуметтік қолдау нәтижесінде 33 отбасы жаңа қоныстың иесі атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, тұрғындарды көптен күткен қуанышты сәтпен құттықтады.
Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында жаңа жылда жаңа баспанаға ие болып отырсыздар. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Баршаңызға жаңа үйлеріңіз құтты болсын, - деді аудан әкімі.
Жаңа баспана кілттері аудан бойынша тұрғын үй алу үшін тіркелген азаматтарға, көпбалалы аналарға табысталды.
Тұрғындар мемлекет тарапынан жасалған бұл игі іске ризашылықтарын білдірді.
Осы 2025 жаңа жыл қарсаңында өте үлкен қуанышқа ие болдық. Ұлым Бауыржан мен келінім Гүлшара өзінің кезектері бойынша үйлі болып отыр. Іші өте жылы, жайлы, жарық. Облыс және аудан басшыларына үлкен рақмет айтамыз, - деді Роза Дәулетқалиева.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды