Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында кабель монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы биіктен құлап кетті. Оқиға 10 қазан күні сағат 17:10 шамасында болған. KAZ.NUR.KZ мәліметінше, жұмысшы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен ертеңінде көз жұмды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың хабарлауынша, марқұм зауыт қызметкері емес. Мердігер компания "МСС-КИП Автоматика" ЖШС электромонтажшысы. Зардап шегуші тоғыз метрлік биіктікте кабель монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс сатысынан құлаған.
Жұмысшы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен ертеңінде көз жұмды.
Еңбек инспекциясына бұл жағдай туралы 11 қазан күні ақпарат түсті. Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жазатайым оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылады. Бұл оқыс оқиға Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма бақылауында, - деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Абдухат Мырзалин.
Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән жайы анықталуда.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының аумағындағы құрылыс жұмыстары кезінде мердігер ұйымның қызметкері биіктіктен құлап түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып күрескенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары