7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында "Ауыл құтқарушылары" республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлімбет елдімекеніндегі жаңа өрт сөндіру бекеті білікті жеке құраммен жасақталып, заманауи өртке қарсы техникамен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілікке қажетті жарақтармен толықтай жабдықталған.
ТЖМ мәліметінше, бағдарлама шеңберінде арнайы даярлықтан өткен жергілікті тұрғындардан тұратын ерікті өртке қарсы құралымдарды құруға және қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл жылдам әрекет етуді қамтамасыз етуге және кәсіби құтқарушылар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді
Қазақстандықтардың қауіпсіздігі қалада және ауылда бірдей қолжетімді болуы тиіс. "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы тек техника мен ғимараттар ғана емес, бұл адамдардың кез келген сәтте көмек келетініне деген сенімі", — деп ТЖМ Шыңғыс Әрінов.
Ашылу салтанаты аясында министр өрт сөндіру автоцистернасының кілттерін табыс етті. Бұл бекеттің жедел ден қою мен өртті сөндіру мүмкіндіктерін барынша кеңейтеді.
Айта кетейік, "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы ауылдық елді мекендерді қамти отырып, жұмысын жалғастырады. Бұл азаматтық қорғау ұлттық жүйесін нығайтудағы және Қазақстан өңірлерінде орнықты қоғамдастықтарды қалыптастырудағы стратегиялық қадам.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?