Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын ұшу және инженерлік мамандықтар бойынша 90 офицер бітірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың орталық алаңында өткен салтанатты рәсімге Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қарулы күштердің ардагерлері, түлектердің ата-аналары мен достары қатысты.
Сендерге Отан қорғау жолында ең күрделі міндеттерді орындауға дайын өз ісінің нағыз маманы, әрі әскери ар-намыс пен жауынгерлік дәстүрлерге адал болады деп сенім артамын, – деді түлектерді құттықтаған генерал-майор Бақытбек Сыдықов.
Дипломдарды тапсыру рәсімі аяқталған соң жас офицерлер институттың Жауынгерлік туымен қоштасты. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі Әли Орынбаев алдағы қызметі жайлы былай дейді:
Өзіміз білім алған әскери институтпен қоштасатын сәт те келіп жетті. Біз диплом мен «лейтенант» алғашқы әскери атағын алдық. Енді еліміздің авиациялық бөлімдерінде өз дағдыларымызды жетілдіріп, тәжірибе жинаймыз, бөлімшенің жауынгерлік дайындығын бекітеміз.
Дәстүр бойынша іс-шара салтанатты шерумен және офицерлік вальспен аяқталды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары