Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбеде жүк көліктерінен 8 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында кезекті ұрлық кезінде қылмыс орнында 46 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті Самара Шымкент тасжолының бойында Бекқұл баба аулының маңындағы эстакадада DAF жүк көлігінің тіркемесінің пломбаларды бұзып, 17 қорап кондитерлік бұйымды ұрлап кеткен. Күдікті жүргізушілер демалып жатқан кезде ауыр жүк көліктерінен ұрлық жасауға маманданған. Полиция күдіктінің тұрғылықты жері мен саяжайында ұрланған заттар – тамақ, тұрмыстық химия, косметика, аяқ киім және тағы басқа заттарды тапты.
Ер адам сәуір айынан бастап осындай жолмен Ақтөбе облысы арқылы транзитпен келе жатқан жүк көліктерінен 8 ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттарды ол такси жалдап, үйіне апарған. Күдікті заттай айғақтардың бір бөлігін сатып үлгерген. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады