Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» КММ директоры сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Ақтөбе қаласының №2 соты «Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» КММ директоры А.Тілмағамбетовке қатысты үкім шығарды.
Ол жеке кәсіпкер А. Кусумовпен келісе отырып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасасу және жол белгілерін қою бойынша көрінеу орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы 35 млн теңге иемденгені анықталды. Бұл ретте, заңнама талаптарын бұза отырып, жұмыстарды сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған, - делінген мәліметте.
Бұдан басқа Тілмағамбетов мердігер ұйымдармен өздерінің кепілдік міндеттемелері шеңберінде орындалуы тиіс жол таңбаларын салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу арқылы 237 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жұмсаған.
Сот шешімімен Тілмағамбетовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды, - деп қосты агенттік.
Сол үкіммен оның сыбайласы Кусумов коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер