12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе облысында жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер жазалануда. Жыл басынан бері 6 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті рейдтер барысында арнайы дабыл белгісімен келе жатқан жедел қызмет көліктеріне жол бермеу жағдайларын анықтауда. Жүргізушілердің басым бөлігі ережені сақтағанымен, кейбір жағдайларда бұл талап орындалмай жатыр.
Осындай жайттардың бірі 23 шілде күні анықталды. Жедел жәрдем қызметі шұғыл шақыртуға бара жатқан сәтте Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі дабыл белгісіне қарамастан жол бермей, қозғалысын жалғастырған. Оқиға орнында болған патрульдік полиция экипажы жүргізушіні тоқтатып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 598-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Жедел жәрдемнің әрбір минуты есепте. Жол берілмеген бірнеше секундтың арты орны толмас салдарға соқтыруы мүмкін, – дейді патрульдік полиция батальонының инспекторы Балтабек Қанатұлы.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арнайы қызмет көліктеріне жол бермегендерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер