Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе көпсалалы колледжінде «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Жастарға кеңес» жобасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге дзюдодан күміс жүлдегер Рустам Ибраев және медиатор, алтын алқа иегері, Жоғарғы сот төс белгісінің иегері Бибігүл Әбдішүкірқызы, Алматы ауданы ПБ №4 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ аға УПИ полиция аға лейтенанты Ақбаян Амин қатысты.
Басқосуда құқықбұзушылықтың тигізер кесірі сөз етіліп, қоғамда кең таралған лудомания мен нашақорлыққа әуестену туралы кеңес берілді. Қоғамда жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олармен күрес жолдары және ҚР заңнамасы аясында қарастырылатын жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар жастар арасында құқықтық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары да қарастырылды.
Шара қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе алаңы болды. Мамандар нақты мысалдармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер