6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысы, Шалқар қаласындағы Лайықовтар отбасында ерекше қуаныш. Аудан әкімі Жанболат Жидеханов жаңа туған сәбилерді құттықтап, ата-анасына естелік сыйлық табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлі-зайыпты Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанова үшемнің есімін: Әдемі, Сұлу және Әміре деп қойды. Сәбилер бір айдан астам уақыт Ақтөбедегі перзентхана дәрігерлерінің бақылауында болды. Нәрестелердің туғандағы салмағы 1490-1670 грамм аралығында болған.
Сәбилеріміз бір ай бұрын өмірге келді. Бірінің жүрегі ауырлап, ота жасау қажет болды. Сондықтан жан-жаққа хабар бермей, кеше ғана үйімізге оралдық. Қазір балаларымыздың жағдайы жақсы, салмақ қосып, өсіп келеді. Өзіміз ақылдасып, балаларға өмірі әдемі, ғұмыры сұлу әрі Алланың әмірімен келген есімдерін қойдық - дейді Ләззат Жоламанова:
Ләззат отбасының үлкен ұлы бұрыннан «үш бөпе керек» деп айтып жүргенін де жеткізді. Қазіргі уақытта жас ана үйде бала күтімімен айналысып жүр, ал күйеуі Аслан теміржол саласының күзет қызметінде.
Қазіргі таңда анасы мен үшемдердің денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы алып қыз баланың дүниеге келгенін хабарлаған едік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі