Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбеде үлескерлер 2,5 миллиард теңгесінен қағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабы 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша соталды тергеу-тексеру аяқталды.
2019-2023 жылдар аралығында Safina тұрғын үй кешенінің басшысы және бір серіктестіктің директоры Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.
Осы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік