Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтөбеде облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қатысуымен жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық бағыттағы жастар тобының өкілдерін ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ІІМ мәліметінше, жүргізілген тергеу барысында ұсталған азаматтардың екі жыл бойы жергілікті тұрғыннан жүйелі түрде ақша бопсалап келгені анықталды. Олар жәбірленушіні қорқыту және психологиялық қысым көрсету арқылы түрлі қаржы ұйымдарынан микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Салдарынан жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 900 мың теңгені құрады. Күдіктілердің біріне тиесілі Mercedes автокөлігін тінту барысында полиция қызметкерлері үш оқжатарымен бірге пневматикалық автомат, ұялы байланыс сигналын бұғаттайтын құрылғы, жиналмалы пышақ тәркіледі. Аталған заттар қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді, - деп жазылған ІІМ ақпаратында.
Қазір аталған дерек бойынша бопсалау бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полиция тарапы азаматтарға егер қандай да бір бопсалау, қорқыту немесе қысым көрсету деректеріне тап болса немесе куә болса, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс