Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАқтөбе облысында тұратын Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Василий Грецкий 101 жасқа толды. Майдангер Хромтау ауданында тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ардагердің үйіне барған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов пен Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов қарияны туған күнімен және жаңа жылмен құттықтады. Олар өз сөздерінде ардагердің жасаған ерлігі мен елге деген адал қызмет етуі бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалағанын ерекше атап өтті.
Облыс әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Василий Грецкий 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан ол 1942 жылы майданға аттанып, Украинаның, Беларусьтің, Польшаның, Чехословакияның және Германияның майдандарында шайқасқан.
Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан ауруханада қарсы алған ардагер бүгінде 3 баласынан 6 немере, 10 шөбере сүйіп отыр.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды